СҚО-да 10 жыл бұрын ұрланған телефон табылды

Солтүстік Қазақстанда полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды іздеп тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Телефон ұрлығы осыдан 10 жыл бұрын Қызылжар ауданында орын алған. 2014 жылы аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көл жағасында демлып жүріп, телефонын жоғалтып алады. Әйел адам Samsung Galaxy S III Mini маркалі байланыс құралын жоғалтқаны туралы арыз жазған. Алайда оны сол кезде табу мүмкін болмады.  Арада 10 жыл өткенде  тәртіп сқшылары телефонды ауданның 27 жастағы тұрғыннан тапты. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін қалай иемденгенін айтты. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды.

«Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды», — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар жарыса жүріп қоқыс жинады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x