СҚО-да жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Айыртау ауданындағы мектептердің бірінде сірке суын ішкен оқушы өмірі үшін, дәрігерлер күресуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

2009 жылы туған қыз алғашқы сабаққа қатыспай, дәретханада сұйықтықты ішкен. Оны ессіз жатқан жерінен мұғалімдер тауыпты. Кейін аудандық ауруханаға жеткізілген науқас санавиациямен, яғни тікұшақпен Петропавлға алынған. Оған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары көмектесуде.

«Науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан оны санавиациямен, яғни тікұшақпен қалаға жеткізді. Медицина қызметкерлері осы шараға тікелей қатысты. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Әзірге нақты шешімдер айтуға немесе болжам жасауға болмайды», — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқушы не себепті мұндай қадамға барды? Бұл сұраққа әлі жауап жоқ. Тиісті органдар тексеруге кіріскен.

«Мектепте оқушыға жағымды мінездеме берілді. Ол ешкіммен жанжалға қатыспаған және оқушылармен, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болған. Оқиға болғаннан кейін мектепке психологиялық қолдау орталығының мамандарынан құралған мобилді топ жіберілді. Білім басқармасы медициналық қызмет және құқық қорғау органдарымен тікелей байланыста. Сонымен қатар, қыздың ата-анасына қолдау көрсетіліп жатыр», — деді СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Тағы оқыңыз: Паралимпиада ойындарына СҚО-дан бес спортшы қатысады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *