Солтүстік Қазақстанда өз анасын аяусыз өлтіріп, кейін өртеп жіберген жігіт қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот шешімі бойынша 30 жастағы азамат мәжбүрлі емдеуге жіберілген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр 10-шы қарашада Есіл ауданының Явленка ауылында болған. 30 жастағы жігіт өз анасын ұрып өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.

Аталған іс СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда қаралды. Өйткені, айыпталушының психикалық ауытқуы бар. Ол бірден Алматы облысындағы емдеу мекемесіне жіберілген. Сондықтан үкім оқылғанда сот залында болған жоқ. Тек оның заңды өкілі ғана қатысты.

«Сот қаулысымен Константин Белопухов 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы, 108-баптың 1-бөлігі, 202-баптың 2-бөлігі, 1-тармағында көзделген қауіпті әрекеттерді ақылсыз күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады. ҚР ҚК-нің 16-бабына сәйкес ол Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас кентінде орналасқан мамандандырылған психиатриялық стационарға жіберілді. Оған емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын», — деді үкімді оқыған СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршарыпов.

Кейін шығарылған шешімді түсіндірген Ерлан Нұршарыпов Константин Белопуховтың созылмалы психикалық аурумен ауырғандығын айтты. Оны жүргізілген сараптама қорытындысы да көрсеткен. Яғни, ол қылмыс жасаған уақытта өз әрекеттеріне есеп бере алмаған.  

СҚО-да өз анасын аяусыз өлтірген жігіт жазадан құтылып кетті
СҚО-да өз анасын аяусыз өлтірген жігіт жазадан құтылып кетті

Айта кетейік, 30 жастағы Константин Белопухов анасына қонаққа келген. Ол Ресейдің Омбы қаласында тұрады.

Осыған дейін Qazaqstan Media тілшісі СҚО-да анасын ұрып өлтірген азаматтың 11 жылға сотталғандығын жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ер адам құрылыс алаңында 20 метр биіктіктен құлады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *