СҚО-да өз анасын өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстанда өз анасын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарылды. СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Үкімді тыңдауға айыпталушының жалғыз қызы да келмеді. Ол әжесін өлтірген әкесін кешіре алмаған. Өйткені, Юрий Бондарь соңғы кездері ішімдікке салынып, анасын жиі ұрып-соққан. Оны сот отырысына қатысқан куәгерлер айтты.

Прокурор анасын ұрып өлтірген Юрий Бондарьды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Дегенмен сот 59 жастағы ер адамды 11 жылға соттады.

«Юрий Бондарь жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Үкім шығарарда сот оның бұрын сотталмағандығын ескерген. Сондай-ақ ол түрмеде алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделетін болады», — деді үкімді түсіндірген судья Айдарбек Беккужинов.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 15 млрд теңгеге жаңа түрме салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *