Солтүстік Қазақстанда келіншек сірке суын ішіп қойған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген әйел бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға аудандардың бірінде болған. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған келіншек 70% сірке суының шамамен 60-80 мл ішкен. Бірер минуттардан соң жағдайы нашарлаған әйел жедел жәрдем қызметін шақырған.
«Келіншек бірден қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның ауыз қуысын, өңешін және асқазанын химиялық күйік шалған. Қарқынды инфузиялық және трансфузиялық терапия, тұрақты зертханалық мониторинг жүргізілді», — деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Дәрігерлер науқастың өмірі үшін 9 күн бойы күрескен. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Тағы оқыңыз: AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы: СҚО-да 10 жоба аяқсыз қалды