[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-24-at-16.29.16-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
СҚО бойынша туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 296 пациент диспансерлік есепте тұр. Облыстық фтизиопульмонология орталығында 46 пациент стационарда ем алуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Туберкулез – ертеден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Ол негізінен өкпе ауруы болғанымен, адамның барлық ағзаларын яғни сүйекті, бүйректі, миды және ми қабықтарының терісін, көзді және басқа да мүшелерге зақым келтіреді. Алайда қазіргі таңда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.Туберкулезбен кез-келген адам ауруы мүмкін, бірақ көбінесе ілеспе аурулары бар сырқаттар жұқтырады. Жалпы өңірде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақтаған. Бүгіндері туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 296 солтүстікқазақстандық диспансерлік есепте тұр. Облыстық фтизиопульмонология орталығында 46 пациент стационарда ем алуда
«15 жастан бастап балалар мен ересектер жыл сайын флюорографиядан өткен жөн. Бұл ауру болған жағдайда оны тез арада анықтауға ықпал етеді. 2022 жыл бойынша облысымызда туберкулездің 210 жағдайы тіркелді. Оның 10 жағдайы 18 жасқа дейінгі балаларда анықталды. Туберкулез ошақтарынан балаларды оқшаулау үшін Мамлютка қаласында 300 орындық 13 санаторлық топ қарастырылған. 400 орындық мектеп-интернат қызмет атқарады. Сонымен қатар науқастарға Бурабай республикалық оңалту орталығында санаторлық емдеу жүргізіледі», — дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің әдіскер-дәрігері Нұрлан Құсайынов.
Бүгін – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осыған орай өңірде туберкулезбен күрес айлығы басталды. Акция наурыздың 24-іне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында әр азамат сала мамандарының көмегіне жүгіне алады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]