СҚО-да өрт салдарынан 50 жастағы ер адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үйден өрт шығып, ер адам қайтыс болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 11 тамыз күні күндізгі сағат бестер шамасында, Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен.

«Мамандар келген кезде үйдің шатыры, жабық ауласы отқа оранып, жанып жатты. Өртті ауыздықтау барысында, 1974 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт толықтай 45 минуттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске барлығы 3 техника мен 20 маман жұмылдырылды», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау 120 шаршы метр жерге тараған. Үйдің шатыры, ауласы және аулада тұрған ВАЗ-2107 автокөлігі жанып кеткен. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Ер адамның неден көз жұмғанын анықтау үшін, сот- медицналық сараптама тағайындалды.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері 53 адамды көлік қағып кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x