Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін түнде Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған. Жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты. Үйде тағы екі адам болуы мүмкін деген ақпарат бар. Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.

«Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-ші сыныпта оқиды», — деп хабарлады ауылдық округ әкімі Ринат Есқұлов.

Қазір қызыл жалын ауыздықталған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері үйлердің кіреберісіндегі QR-кодтарға қатысты түсініктеме берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *