Солтүстікте өрт кезінде екі адам қою түтін салдарынан үйден шыға алмаған. Оларды құтқарушылар аман алып қалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Чистополье ауылында болды. Жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы 101 пультіне куәгер қоңырау шалып хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйдің кіре берісі жанып жатқанын анықтады. Баспана ішінде қою түтіннен шыға алмай, екі азамат қалып қойған. Өрт сөндірушілер үй ішіне кіріп, екі ер адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Абырой болғанда, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Бұл аталмыш ауданда екі күнде тіркелген екінші өрт. Біріншісі Новоишимское ауылында болып, онда да бір адам құтқарылған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда су тасқынының ең жоғары деңгейі 28–30 сәуір күндері болады деп болжануда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *