СҚО-да өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар саны артқан

Солтүстік Қазақстанда өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар саны жыл санап артып келеді. Қазіргі күні орталықтарда 370 бала тұрып жатыр. Ал екі жыл бұрын, яғни 2022 жылы олардың саны 285 болған, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, бүгіндері өңірде өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға арналған үш орталық бар. Бүгіндері ол жерлерде 374 бала тұрып жатыр. Оның 41-і жетім балалар.

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар Қызылжар ауданындағы Архангелка, Айыртау ауданындағы Саумалкөл, М. Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылдарында орналасқан орталықтарда тұрады. Сондай-ақ өңірде екі жасөспірімдер үйі бар.  Олардың бірі Петропавлда, ал екіншісі Ақжар ауданындағы Талшық ауылында орналасқан. Бұдан өзге, аймағымызда даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернаты бар», — деді СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина.

Тағы облыс орталығында отбасы үлгісіндегі балалар ауылы бар.

Жалпы, биыл өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарына 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасының мамандары биыл өңірде 16 баланың асырап алынғандығын айтты.

«Бұл әрине былтырғы көрсеткіштен төмен. 2023 жылы 28 жетім бала отбасын тапқан болатын. Шетел асып кеткен балалар жоқ. Барлығын солтүстікқазақстандық отбасылар асырап алды», — дейді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір түнде үй жануарларының қатысуымен екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *