СҚО-да әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен психиатры сотталды

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының екі бірдей қызметкері сотталды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық сотында Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Абай Қошанов пен мекеменің психиатры Мереке Қадырбаевтың ісі қаралды. Сот отырысы барысында орталық басшысының бірнеше рет пара алғаны дәлелденді.

«Мекеме директоры невропатологтан жалпы қамқорлықты қамтамасыз ету үшін 1 814 000 теңге пара алған. Сондай-ақ Мереке Қадырбаевтан 1 041 000 теңге және тағы бір психиатрдан 1 265 000 теңге ақша түрінде пара алған. Оның 672 000 теңгесін делдалдық жасағаны үшін Мереке Қадырбаевқа берген», — деп көрсетілген сот материалдарында.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.

«Сот үкімімен Абай Қошанов ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4 тармағы бойынша ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ал Мереке Қадырбаевқа ҚР ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі бойынша ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», — делінген сот үкімінде.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады. Сондай-ақ Қошанов мен Қадырбаев мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мақсатсыз пайдаланылған жерлер мемлекетке қайтарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x