Қазан айының соңғы жексенбісі — әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы дата қарсаңында осы салада талмай еңбек етіп жүрген мамандардың құрметіне салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Салтанатты жиын барысында бірқатар азаматқа бейінді министрліктің төсбелгісі, өңір басшысының құрмет грамотасы және алғыс хаттар табысталды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешіп жүрген жандарды облыс әкімінің атынан орынбасары Нұрлан Кеңесов құттықтады.

СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді
СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді

 

«Еліміздің әлеуметтік саясатының басты мақсаты — әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет басшысы әлеуметтік әділдік пен халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударып отыр. Бұл міндеттерді іске асыруда сіздердің қосқан үлестеріңіз ерекше», — СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.

Құттықтау сөзден кейін Нұрлан Маратұлы саланың жілігін шағып, майын ішкен жандарға түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады. Еңбегі еленгендердің қатарында Гүлзат Нұрышкина да бар. Нәзікжандының халықпен етене жақын жұмыс істеп келе жатқанына 30 жылдан асқан.

Осы уақыт ішінде талай мүмкіндігі шектеулі жанның аяққа тұрып кетуіне, тағдырдың тауқыметіне түскен азаматтардың ай сайын қаржылай көмек алуына септескен. Бүгін Гүлзат Жұматайқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді
СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді
СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді
СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесінің 30 қызметкері құрметке бөленді

«Халықпен жұмыс істейтін маман адал әрі шыдамды болуы тиіс. Тұрғындардың мәселесін шешіп, ақ батасын алсақ, бізге одан артық еш нәрсе жоқ. Шынымды айтсам, бұл марапатты аламын деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Еңбегін бағаланғанына алғысым шексіз», — деді Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлзат Нұрышкина.

Қазіргі таңда облыстағы әлеуметтік қорғау саласында 3 мыңға жуық адам еңбек етеді. Биыл олар 3600 жерлесімізге көмек көрсеткен. 29 мүмкіндігі шектеулі жанның 1,3 млрд теңгеге арнайы қондырғы алуына септесіпті. Айта кету керек, бүгін 30-ға жуық адам құрметке бөленді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қайтыс болған адамдарға да айыппұл салынған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *