СҚО-да әкім орынбасарына айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қадағалау актілері бойынша шара қолданбағаны үшін, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға айыппұл салынды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша шаралардан бас тартқаны үшін 3 мемлекеттік органның басшысына айыппұл салынды. Олар ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Мысалы, Жамбыл ауданының әкімдігі прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған. Осындай фактілер Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Ақжар ауданының білім беру бөлімінде де анықталды. Олар да прокурордың ұсынысы бойынша заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданбаған»,-деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Большая Малышка ауылындағы 30-ға жуық үй тұруға жарамсыз деп танылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x