СҚО-да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактісі өскен

Солтүстік Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты баптармен тіркелген істердің саны 75 %-ға өскен. Статистиканың артуына заңдағы өзгерістер әсер еткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері қызметкерлерінің айтуынша, ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің қылмыстық іс санатына өтуі қылмыстардың санының бірден 75%-ға өсуіне әкеп соққан. Жыл басынан бері облыста тұрмыстық 42 қылмыс тіркелген. Ал өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 25-ті құраған болатын. Олардың сегізі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және 10-ы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша тіркелген. Осыған ұқсас әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің саны 64-тен 139-ға дейін өсті. Оның ішінде 68 факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа баптарына сәйкес келеді. Полиция қызметкерлері халыққа бұрын «ұсақ» болып көрінетін әрекеттер үшін енді жанжал шығаратын тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Мұнымен қоса, қамауға алынатынын ескертеді.

«Заң – бәрімізге ортақ. Қызметкерлер зорлық-зомбылық фактілері тіркелген отбасылармен үнемі жұмыс істейді. Жағдай ушыққан кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін уақытша болу және тұру орталығына орналастыру бойынша шаралар қабылданады. Жыл басынан бері мұнда 27 әйел мен 21 бала үйде жанжал шығарған отағасынан қорғану үшін пана тапқан», – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: СҚО-да студенттер есірткі сатқан қылмыскерлермен кездесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x