СҚО-да әйел мен екі баласы иіс тиіп уланды

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп уланды. Қазір әйел мен екі баласы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 25-ші ақпан күні, сағат 21:00 шамасында болған. Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында жеке тұрғын үйде әйел мен оның балалары иіс тиіп уланып қалған. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

«Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі — қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Уәлиханов пен Ақжар аудандарында мал азығының тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x