Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері. Облыс орталығында осындай атаумен республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Іс шараға сегіз ауданнан сегіз маман қатысты. Назым Нұрғалиева Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы «Қызылжар» шағын орталығынан келіп отыр. 15 жылдық тәжірибесі бар маман , әдіскер өз әріптестеріне бағыт-бағдар сілтейтіндіктен өзі де білімді әрі білікті болуы қажет, дейді.
«Әдіскердің міндеті — әріптестеріне әдістемелік сүйемелдеу көрсету, мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын меңгерту», — деді Назым Нұрғалиева.
Әдіскерлер тек өздері жұмыс істейтін жұмыс орнын немесе өзін ғана таныстырмайды. Сонымен қатар, әріптестерінің шығармашылық қабілетін және жаңа педагогикалық идеяларын көрсетулері қажет. Байқау үш кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын тапсырмалар қиындай түседі. Қатысушылар ортақ талапты орындай отыра қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Одан бөлек, жеңімпаз атанған әдіскер қараша айында Астанада аймақ намысын қорғайды.
Тағы оқыңыз: Бес жылда бюджеттен 17 млн теңге ұрлаған бухгалтерге сот үкімі шықты