Ұстаздар, әдістемелік орталық қызметкерлері және сала ардагерлері. Бүгін бұл жандар Тәуелсіздік стелласы маңында «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Челлендж алдында жас мамандар флешмоб биледі. Содан соң барлығы айналаны тазартуға кірісті. Ардагерлкр Тұңғыш Президент саябағында қалса, жастар Қазақстан Конституция көшесіндегі күл-қоқысты жинады.
Іс-шара барысында ұстаздар тұрғындарға «Таза Қазақстан» деп жазылған қағаз пакетті таратып берді. Оның сыртында тазалықты сақтауға байланысты бірнеше қағида жазылған.
Мұғалімдер жалғыз қаланың бас көшесін күл-қоқыстан тазартқан жоқ. Жамбыл Жабаев пен Евней Бөкетов көшесі бойында да игі шара ұйымдастырылды.
«Тамыз конференциясының қарсаңында ұстаздардан «Таза Қазақстан» акциясына байланысты челлендж ұйымдастырайық ұсыныс түсті. Ұсыныс қолдау тапты. Шараға облыс бойынша үш мыңнан астам адам қатысып отыр»-, деді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда кейбір пәндер біріктірілетін болды