Елдің бірлігі алқалы жиындар, пайдасы зор акциялармен ғана емес, спорттық шаралар арқылы да артады. Петропавлда ҚХА-ның 30 жылдығына орай ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Асық ату, бесасық, шахмат және үстел теннисі. Арнайы мамандар шақырылған. Олар жиналған қауымға аталған ойындардың тарихы, ережесі туралы мол ақпар ұсынды.

СҚО-да ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды
СҚО-да ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды

«ҚХА-ның «Жеңіс бірлікте» деген арнайы жобасы бар. Сол жоба аясында бас қостық. Бүгін жастар да, аға буын өкілдері де келді. Басты мақсатымыз — халықтың ұлттық ойындарға назарын аудару», — деді СҚО ҚХА мүшесі Сәлімхан Сәбитов.

Асық ату және бес асық жанымызға жақын екені жасырын емес. Қуантатыны, екеуі де өңірімізде қарқынды дамып келе жатыр. Солтүстіктен чемпиондар шығуда. Бұл өскелең ұрпақты ұлттық болмысқа, тарихқа және салауатты өмір салтына жақындатады.

СҚО-да ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды
СҚО-да ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды

«Ұлдар асық атса, қыздар бесасық ойнайды. Асық атуда арнайы шеңбер сызылады. Ортада 15 асық тізіледі. Соларды сақамен соғып шеңбер сыртына шығару қажет», — деді СҚО асық ату федерациясының президенті Ағжан Сұрағанов.

Ұлттық ойындар бойынша ұйымдастырылған шеберлік сабағы жалынды жастардың қызығушылығын тудырды. Олар шеберлердің айтқанын мұқият тыңдады, көрсеткендерін кірпік қақпай тамашалады. Өздерінің қарым-қабілеттерін де сынап көрді.

Тағы оқыңыз: Диалогқа ашық: депутаттыққа кандидат Николай Новиков – сенім, дәрігерлер және өзгерістер туралы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *