СҚО-да үздік волонтерлер арасында сайыс өтті. Байқауға 50-ге жуық қыз-жігіт қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Еріктілердің еңбегі — қоғам үшін аса маңызды. Олар өзгелерге көмектесіп қана қоймай, өздері де өмірлік тәжірибе жинақтайды. Бүгін Петропавлда қайырымдылық жолында жүрген жастардың арасында «Мисс және Мистер волонтер» сайысы өтуде.

СҚО-да үздік волонтерлер анықталды
СҚО-да үздік волонтерлер анықталды

«Алдымен сайысқа қатысуға ниет білдірген жандар еріктілікке қалай келгені, қанша жыл еңбек етіп жүргені туралы жазды. Сонымен қатар, осы салада жеткен жетістіктерін баяндады. Біз оларға түрлі мәселенің тиімді шешімін табу бойынша сұрақтар қойдық. Дұрыс жауап бергендер ғана іріктеліп алынды», — деді қазылар алқасының мүшесі Даяна Баймұқанова.

Бүгін сайыстың шешу кезең өтті. Финалға 15 жас суырылып шықты. Олардың барлығы — талай жыл ерікті болып қызмет етіп жүрген жастар. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырды.

Кейін қазылар алқасы оларға логикалық сұрақтар қойды. Шешуші кезеңде әр қатысушы үйде дайындап келген нөмірін көрсетті. Еңбекқор әрі талантты жастың бірі — Дәрия Амангелді. Назарбаев Зияткерліе мектебінің 12-сыныбында оқитын бұрымдының еріктілікпен айналысып жүргеніне үш жылға жуықтапты.

СҚО-да үздік волонтерлер анықталды
СҚО-да үздік волонтерлер анықталды

«Еріктіліктің түр-түрі болады. Мен өзімді негізінен қоғамдық жіне спорт волонтерімін деп айтар едім. Көптеген спорттық шараның координаторы болып қызмет етемін. Бүгінгі шараға ұзақ дайындалдым. Шынымды айтсам, адамдарға көмектесуден ләззат аламын», — деді байқауға қатысушы.

Сайыс қорытындысы бойынша «Мисс волонтер» атағын көпшілікке жақсы таныс Дариға Смаилова жеңіп алды. Ал «Мистер волонтер» жүлдесін Абзалхан Тілеген иеленді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жыл басынан 38 бала терезеден құлап, көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *