Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында үш селолық округ жабылды.  Мұндай шешімді облыстық әкімдік пен мәслихат шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Енді Тимирязев ауданындағы Есіл, Ленин және Целинный ауылдық округтары картадан жоғалады. Олар көрші ауылдық округтердің құрамына кіреді.

Аумағы 19,4 мың гектарды құрайтын Есіл селолық округі Ақсуат округіне енетін болды.

Мичурин селолық округінің құрамына Ленин округі кіреді. Ал, Целинный ауылдық аумағы енді Хмельницкий селолық округі болады.

Іс жүзінде бұл әкімшілік бірліктерді ірілендіруді білдіреді. Мұндай өзгерістер, әдетте, басқару жүйесін оңтайландыруға және ресурстарды тиімдірек бөлуге бағытталады. Ауылдардың бұрынғы атаулары сақталады. Өзгеріс тек әкімшілік бағыныстылыққа қатысты болады.

Алдағы уақытта тиісті түзетулер ресми есептік деректерге енгізіледі. Нәтижесінде Тимирязев ауданының картасы ықшамдалып, басқару құрылымы ірілендірілген сипатқа ие болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жалған құжатпен елге кірген азамат анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *