Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынған. Олар рөлге мас күйде отырып, жеті және тоғыз жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

«Мас жүргізуші» жедел-профилактиалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары  жол қозғалысын бұзудың 950 фактісін тіркеді. Әсіресе, көлікті басқара отырып, телефонмен сөйлесетіндер көп, 141 адам анықталапты. Қауіпсіздік белдігін тақпайтындар екінші орында. Мұндай 96 жағдай тіркелді. Ал 36 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

«Рейд болған үш күннің ішінде 16 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олар рөлге мас күйде отырған. Осылайша, өздеріне де, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндірді. Енді аталмыш азамттар жеті және тоғыз жыл бойы көлік басқара алмайды», — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі. 

Жалпы, жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші жауапқа тартылған. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да ҰҚК маманы басқарма басшысы болып тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *