СҚО-да үш күн ішінде мыңнан астам адам жол ережесін бұзған

Солтүстікқазақстандық полицейлер үш күн ішінде жол ережесін бұзған мыңнан астам адамды анықтады.  Сегізінші және оныншы қараша аралығында облыс жолдарында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шараға 360-тан астам полиция қызметкері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. Жүргізушілер тарапынан жиі жасалатын бұзушылықтардың бірі – жылдамдықты арттыру. Мұндай 59 факті тіркелді.

«Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдауға сәйкес жыл басынан белгіленген жылдамдықты арттыру 27 жол апатына алып келген. Салдарынан үш адам қаза тауып, 35 адам жарақат алған», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оның айтуынша, жол апаттарына алып келетін тағы бір себеп – маневр жасау қағидаларын бұзу. 10 айдың ішінде мұндай бұзушылықтан жеті  адам қаза тауып, 108 адам жарақат алған. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара өткен үш тәулік ішінде полицейлер мас күйдегі – 20, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен – 16, қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген 22 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. СҚО жолдарында барлығы 1005 құқық бұзушылық анықталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда алғашқы 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x