Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан бруцеллез анықталды. Олардың екеуі — жасөспірім.Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша инфекцияның жұғуына ауру малдың өнімін тұтыну себеп болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірде бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай өршіп тұр. 530 бас ірі қара аталған дертке шалдыққан. Ауру мал тәркіленіп, иелеріне өтемақы беріледі. Бруцеллез жұқтырған ірі қараның 90 пайызы шаруашылықтарға тиесілі. Қауіпті инфекция одан әрі таралмау үшін 4 нысанда шектеу енгізілді. Яғни шаруа қожалықтарынан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Былтыр 270 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған еді.
«Қолайсыз аймақтардың қатарына кірген ол – Докучаенво, ондағы «Атамекен-агро» ЖШС, Қызылжар ауданында Глубокое ауылында «Астық сату компаниясы», Ақжар ауданында Горьковское елді мекенінде, онда «Ақниет агро» ЖШС және де Айыртау ауданында Гусаквока, ТОО «Гусаковкада». 483-і ол жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарында анықталған», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин
Тағы оқыңыз:Қазақстанда қатерлі ісікті емдейтін дәрі сыналып жатыр