СҚО-да қызметтік көлігін мас досына басқаруға берген шенеунік жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстанда досы екеуі ішімдік ішіп алып,  қызметтік көліктің рөліне отырған шенеунік жұмыстан босатылды. Бұл туралы бүгін әдеп жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр Жамбыл ауданының 26 мемлекеттік қызметкері түрлі себептермен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көбі жолда жүру ережесін бұзған. Мұндай 15 факт тіркелді. Екі маман рұқсат құжатсыз көлік айдаған. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтамау және мемлекеттік сатып алу  барысында талаптарды бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар. Ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған.

«Былтыр ТҮКШ бөлімінің бас маманы мас күйде қызметтік көлікті мінген. Оған қоса машинаны мас досына басқаруға беріпті. Оларды түнде тәртіп сақшылары тоқтатқан. Осы оқиғадан кейін бас маманға қатысты өзімізде бірнеше жиын өтті. Ауданда әдеп жөніндегі кеңесте істі қарастырып, оны қызметтен босату туралы шешім қабылданды», — деді Жамбыл ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбек Сапаров.

Бүгіндері ауданда мемлекеттік жұмысқа келемін деушілердің қатары аз. Қазір 13 маманның орны бос тұр екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бруцеллез анықталған екі ауылда шектеу жарияланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x