СҚО полицейлері жыл басынан қызметтік қаруды дұрыс сақатамаудың 16 дерегін анықтады. Әсіресе жекеменшік күзет құрылымдары ерекше назарда,

СҚО полицейлері жыл басынан қызметтік қаруды дұрыс сақатамаудың 16 дерегін анықтады. Әсіресе жекеменшік күзет құрылымдары ерекше назарда, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Әкімшілік полиция қызметкерлері қару ұрлығына, жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталған тексерістерді үнемі жүргізіп тұрады. Заңды тұлғаларды қаруды сақтауға қатысты  тексеру тәртібіне өзгертулер енгізіледі. Заң өз күшіне 8 маусымнан бастап енеді. Енді оларды  кемшіліктері үшін жазаламас бұрын, олқылықты жюға уақыт берілмек.

«Өзгерістерде жазалау принципінен профилактикаға көшіру қарастырылған, енді анықталған кемшіліктер бойынша оларды жоюға уақыт беріледі. Талаптарды орындамаған жағдайда ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, бүгінгі күні облыста қызметтік қаруды қауіпсіз сақтау үшін жағдай жасалған, – дейді СҚО ПД ӘПБ бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлердің айтуынша, күзет фирмаларында белгіленген стандарттарға сай жабдықталған қару бөлмелері немесе қаруларды орталықтандырылған сақтау пункттері бар.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тұрақты сумен жабдықтау үшін резервтік сорғы станциясы салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x