СҚО полицейлері адам зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Сексуалдық зорлық-зомбылық фактісі НеМолчи.kz парақшасында жарияланғаннан кейін белгілі болды. Қорға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданынан арыз түскен. Бір ай бұрын ауданда 19 жастағы қызды зорлау фактіс орын алыпты.
«Қыз ескі досымен бірге кездескен. Ол досы өзінің басқа досын шақырады. Қыз қатты қарсылық көрсеткенімен жаңа танысы оны зорлаған. Қыз бала ескі досын көмекке шақырғанымен, көмекке келмепті. Бірақ, оқиға болған жерден ол екі метрдей ғана жерде алыста болған. Қыз баланың денесінде көгерулер, гематомалар, оның ішінде басына да зақым келген, киімі жыртылған. Жәбірленуші бірден полицияға жүгініпті. Айыртау ауданының ІІБ мамандары оны күдіктімен бірге бір көлікте сараптамаға алып барған. Қызметкерлер дүкенге барған кезде, қыз жігітпен көлікте жалғыз қалыпты. Содан кейін күдікті оған: «Кешір,менің отбасым бар, сондықтан біраз уақыт болған жоқ», деп айтқан»,— деп жазды Немолчи kz қорының ресми парақшасында.
Онда зорлық-зомбылық жасаған адам мен оның досы бостандықта екендігі айтылады. Ал қыз ауданда қалуы қиын болғандықтан облыс орталығына кеткен.
Облыстық полиция департаментінде жыныстық зорлық-зомбылық фактісін растады.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз:CҚО-ның 11 табиғи монополия субъектісі өңір тұрғындарына 24 млн теңге қайтаруы тиіс