Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қыркүйек айында жиі тұман түседі. Ауа температурасы түнде 6 гардусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Синоптик мамандар солтүстік өңірде күздің алғашқы айы қандай болатынына алдын ала болжам жасады. Күн райы әдеттегідей болғанымен кей жерлерде жауын-шашын нормадан артық түседі.
«Күздің алғашқы айы жауын-шашынды болады. Жаңбыр тек 1-3 күнге ғана тоқтауы мүмкін. Кей аудандарда күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Екпінді жел тұрып, жиі тұман түседі», — деп болжап отыр синоптик мамандар.
Айдағы орташа ауа температура +11, +12 градус болмақ. Қыркүйектің алғашқы он күндігінде түнде үсік түсіп, темапература +2 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңына қарай күн жылынып, термометр көрсеткіші +21 гардусқа дейін көтерілуі ықтимал.
«Екінші онкүндікте кейбір жерлерде түнде 3-6 градус аяз түседі деп болжанып отыр. Күндіз +19 градусқа дейін жылынады. Ал айдың соңында қар аралас жаңбыр жауады», — деп хабарлайды синоптиктер.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2023 жылы 236 өтінім рәсімделген