СҚО-да қос мұғалім мектепте бұрыш баллонын шашқан

Солтүстік Қазақстанда екі мұғалім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Олар мектепте бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 27 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылында болған. Полицияға аудан орталығындағы мектептердің бірінде оқушылар есінен танып құлап жатқаны және дәлізде өткір иістің тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары мектептен оқушыларды, ұстаздар мен жұмысшыларды эвакуациялаған.

«Кейін анықталғандай, білім ордасының екі бірдей ұстазы бұрыш баллонын қарамақ болып, ойланбастан ішіндегіні шашып жіберген. Салдарынан қауіпті иіс ауаға тарап, бірнеше адам зардап шекті. Аудандық ауруханаға 11 және 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел жүгінді. Оларға медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал бұрыш баллонын шашқан мұғалімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: СҚО фермерлеріне астықты қашан сатқан тиімді?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x