СҚО-да қос бірдей шенеунік қамауға алынды

Солтүстік Қазақстанда аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қамауға алынды. Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дюсембин мен аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дмитрий Руденкоға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда», — делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, 33 жастағы Еркебұлан Дюсембин  Алматы қаласының тумасы. Осыған дейін Алматы, Астана және Семей қалаларында еңбек еткен.

Ал Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып 2022 жылдың шілде айында тағайындалған.

Оның қарамағында жұмыс істеген Дмитрий Руденко Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 2023 жылдың қаңтар айында басшы болып келген.  

Дмитрий Владимирович 1982 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының Красноармейск қаласында туған.

Қос шенеунік Петропавл қаласында мамырдың 3-і күні ұсталған. Олар сол күні тасқын судан зардап шеккен Ойқала ауданында жұмыс істеуге келген.

Тағы оқыңыз: Төрт айда 14 адам көз жұмды: СҚО-да жол апатынан қаза тапқандар саны көбейді

 

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x