Басқарма басшысы қиыршық тасқа көлденең жолмен қол жеткізген. Іске тағы бір басқарма тізгінін ұстаған жанның қатысы бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұған дейінгі кездесулер бір төбе болса, бұл жолғы кездесу бір төбе. Жауапқа өңірге белгілі және беделді Наталья Дышкант тартылды. Қаржы басқармасының басшысы өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланған. Оқиғаның жай-жапсары жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Диана Салғарина баян етті.

СҚО-да қос басқарма басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған
СҚО-да қос басқарма басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған

«Биыл 28-ші наурыз күні облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген тексеріс жұмыстары барысында қаржы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары Наталья Дышкант пен Ерден Шортыбаевтың телефон арқылы сөйлескен әңгімелерін тыңдаған. Тілдесу барысында Дышкант өзі тұрып жатқан саяжайдағы шұңқырларға тас төгіп беруін сұраған. Ерден Ерболатұлы әріптесінің өтінішін жерде қалдырмаған. Қаладағы серіктестіктердің біріне жұмысты сапалы атқаруды тапсырған екен»,- деді Диана Салғарина.

Жиын барысында сөз алған Наталья Дышкант бірнеше сылтауын айтып ақталды.

СҚО-да қос басқарма басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған
СҚО-да қос басқарма басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған

«Ерден Ерболатұлына дос ретінде өтініш жасадым. Істің бұлай ушығып кететінін білген жоқпын. Бұл жалғыз менің ғана мәселем емес. Саяжайда тұрып жатқан басқа да тұрғындар шұңқырлардан зардап шегіп жүр. Одан қалды, біз серіктестікке жұмысы үшін ақысын төледік»,- деді Наталья Дышкант

Бірақ, әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері сұрақты қарша боратқаннан кейін кінәсін мойындады. Оқиғаға қатысы бар екінші басқарманың басшысы отырыста төбе көрсетпеді.

«Сіз бұл мәселе бойынша әріптесіңізге емес, қалалық әкімдікке жүгіну керек едіңіз. Мен бұл оқиғаны жемқорлық әрекет деп бағалаймын. Жауапты органдардан тиісті шара қолдануын сұраймын»,- деді облыстық әдеп жөніндегі мүшесі Евгений Кинцель.

Білдей бір басқармаларды басқаратын басшылар бұған бұған дейін теріс қылыққа бой алдырмапты. Кеңес мүшелерінің көбі осыны алға тартып шешім шығарды. Жақын арада екеуіне ескерту түрінде жаза қолдану жөнінде облыс әкіміне хат жолданады.

Бірақ, бұнымен кейбірі келіспеді. Олар Ерден Шортыбаевтың қызметінен кеткенін қалайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екпе алмаған 80 бала балабақшаға қабылданбады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *