Солтүстік Қазақстан облысында «Учаске» іс-шарасы басталғалы сегіз мыңнан астам түрлі құқық бұзушылық анықталған. Ең жиі кездесетіндері – қоғамдық орындарда алкоголь ішу және мас күйде жүру, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс аумағында қыркүйек айынан бастап «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол қарашаның біріне дейін жалғасатын болады. Іс-шараның алғашқы айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері көпқабатты үйлердің шамамен 70 пайызын, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің жартысынан көбін аралап шықты. Олар тұрғындарға өз визит карталарын қалдырып, аулада және көршілес аумақтағы жағдай туралы сұрап, заңбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігін еске салуда. Сонымен қатар есептегі тұлғаларды, қолайсыз отбасыларды, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеру, иесіз және жалға берілетін үйлерге ерекше назар аударып жүр. Түнгі уақытта учаскелік инспекторлар ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірге ойын-сауық орындары мен көшелерде рейдтер өткізеді.

«Учаске» іс-шарасы басталғалы бері полицейлер сегіз мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетіндері – қоғамдық орындарда алкоголь ішу және мас күйінде жүру деректері. Мұндай 1103 факт тіркелген.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында өткен сенбілікке екі мыңнан астам адам қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *