СҚО-да қоғам белсендісі Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті

Оңтүстіктен солтүстік өңірге қоныс аударған қоғам белсендісі, TAUEKEL ұйымының жетекшісі Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға маусының 9-ына қараған түні Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында болған. Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстікке қоныс аударған Бурахан Дақановтың 3 жыл ғана тұрған үйі көз алдында 15-20 минут ішінде жанып кеткен. Қазір ол отбасымен бірге көршілерінің үйін паналап отыр.

«Кеше түнде Сергеевкадағы үйім аяқ асты жанып кетті. Үйдің төбесіндегі тоқ сымынан ақау шығып, бірінші төбесі жанған екен. Өрт кезінде қалың ұйқыда жаттық. Әйелімнің жан дауысы шыққан бөлмеге барсам, үйдің төбесінен шоқ тамып жатыр екен. Бала-шағаны алып, есіктен қашқанда, жел үрлеп, төрдегі екі бөлме бірден отқа оранды. Отбасымның құжаты, TAUEKEL ұйымына тиесілі құжаттар, киім-кешек, телефон, ноутбук сияқты дүние-мүлкіміз түгел жоқ болды», — деп жазды Бурахан Дақанов.

Белсенді өзіне қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысын айтып, мәселені реттегеннен кейін, солтүстікке көшті насихаттауды күшейтетінін жазды. Сондай-ақ ол тұрғындардан көмек сұраған.8 маусым күні  Ғ. Мүсірепов  ауданының Андреевка ауылында да өрт шығып, салдарынан 1968 жылы туған әйел қайтыс болды.

Жалпы, облыста жыл басынан бері 189 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалын салдарынан 16 адам қайтыс болған. Тілсіз жаудан келген шығын мөлшері 59 млн 619 тың теңгені құраған.

Тағы оқыңыз:Телефонын сындыруға тырысты: СҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x