Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл ауылындағы №51 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер мекеме режиміне қарсылық білдіріп, өздеріне дене жарақатын салған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департменті сотталғандар тарапынан наразылық болғанын жоққа шығармайды. Ресми ақапартқа сүйенсек, түрмеде жазасын өтеп жатқан  үш сотталушыдан тыйым салынған заттар табылып, тәркіленген. Онымен келіспеген сотталғандар мекеме тәртібімен келіспей, қарсылық білдірген.

«Мекеме режимімен келіспеген сотталғандар өздеріне дене жарақатын салды. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Олардың бірі бөгде затты жұтып қоюына байланысты қалалық ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған», — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 70 жастағы қария жаяу жүргіншілер жолағында зейнеткерді қағып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *