Теңгенің айналымға енгеніне биыл 32 жыл толып отыр. Ұлттық валюта күніне орай қаржы саласының мамандары арасында квест-викторина ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Күнделікті теңгемен жұмыс істейтін қаржыгерлер төл валютаның тарихын біле ме? Сондай-ақ, Қазақстанның қаржы жүйесі туралы сұрақтарға студенттермен бірге жарыса отырып жауап іздеді. Шараға қаладағы барлық банк ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

«Біз теңгенің тарихы туралы 10 сұрақтан тұратын арнайы тапсырмалар әзірледік. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Мақсат — осындай шараларды жиі ұйымдастыра отырып жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру», деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.
Тәуелсіз Қазақстанның нышандарының бірі саналатын теңгеміз айналымға енгеннен кейін бұл бағытта бірқатар жетістікке қол жеткіздік. Мәселен, теңге үш жыл қатарынан дизайн жағынан әлемдегі үздік банкнота атанған болатын.
Тағы оқыңыз: 2026 жылдан бастап СҚО тұрғындары медициналық көмекті жаңа тәртіппен алады

