Солтүстік Қазақстанда тоғызыншы қаңтарда бірнеше ауданда жолдар жабылды. Ол туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
Осыған дейін таңғы сағат жетіде мамандар облыста барлық бағыттар бойынша жолдардың ашылғандығын хабарлаған болатын. Алайда бұрқасын көтеріліп кейбір аудандарда жолдарды жабуға тура келді. Ғ. Мүсірепов, Айыртау ауданы, Тимирязев және Шал ақын ауданындағы жолдарда шектеу қойылды.
Аудандық және облыстық маңызы бар жолдарда тоғызыншы қаңтар күні сағат 10.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін жүруге тыйым салынды.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Жұмысшы кенті тұрғындарынан аңшы мылтықтары тәркіленді