Солтүстік Қазақтанға көшіп келетін қандастар мен қоныс аударушыларға енді арнайы орталық көмек көрсететін болады. Ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламадарды үйлестіру басқармасының тапсырысы бойынша жұмыс істейді, деп жазады Qazaqstan Media.
Ақпараттық-түсіндіру орталығы осыған дейін 2021 жылы ашылған. Алайда мемлекеттік тапысырыс болмағасын жабылған. Енді биыл міне, әлеуметтік тапсырыс аясында жұмысын жандандырып жатыр.
«Ашылып жатқан орталық жылдың соңына дейін істейтін болады. Мақсатымыз — өңірге көшіп келетін азаматтарға барынша көмек көрсету. Ол құжаттарын толтыру, жұмыс табуға көмектесу, кеңес беру. Біз Еңбек.кз сайты бойынша да жұмыс істеп, қандай мамандықтар керек екенін, бос жұмыс орны жайында ақпарат алуға көмектесеміз. Биыл біздің облысқа 2900 квота бөлінген. Бұл өзге өңірлерден қарағанда көп. Жуырда Шымкент қаласына барып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатыстық. 40-қа жуық азаматты қабылдап, 14-нің құжаттарын толтырып алып келдік. Енді солардың көші-қонымен айналысатын боламыз», — дейді ақпараттық-түсіндірме орталығының жетешісі, «Рух. Тіл.Жаңғыру» ҚБ төрағасы Әнуар Тоқпанов .
Әнуар Тоқпановтың айтуынша, солтүстікке көбіне Түркістан, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары келуге ниетті екен. Мәселен, жыл басынан облысқа 1400 азамат келсе, соның 130-ға жуығы Шым қаладан келіпті.
«2024 жылы қандастар мен қоныс аударушылардың отбасыларын тиісті инфрақұрылым, бос жұмыс орындары мен сатуға арналған үйлері бар елді мекендердің тізімі бекітілді. Олардың саны — 191. Биыл 2909 адамды қабылдауға квота бар. Оның ішінде 2707 қоныс аударушы, 207 қандас. Осы күнге дейін өңірге 1324 адам көшіп келді, соның ішінде 1205 қоныс аударушы және 119 қандас. Келгендердің 661-і жүмысқа жарамды, 19 студент, 592 бала», — деді СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.
Солтүстікке көшіп келетін азаматтар үшін келесідей көмек көрсетіледі:
— отбасының әрбір мүшесіне 258 440 теңге беріледі;
— тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу он екі айға дейін тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге 55 380- 110 760 теңгеге дейін қарастырылған;
— техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жолдама;
— жаңа тұрғылықты жерінде кәсіпкерлікті дамытуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жол апатынан 17 жасар мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды