Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстанда 3800 мемлекеттік қызметкер бар. 382 маманның орны бос тұр. Сонымен қатар 23 зейнет жасындағы қызметкер жұмыс істеп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы төрт мыңнан асу керек. Алайда 382 бос жұмыс орны бар. Әсіресе архитектура, құрылыс, агрономия, жылу және энергетика, мал шаруашылығы, көлік және техника саласында жұмыс істейтін қызметкрелер тапшы екен.

«Мамандарды жұмысқа алу үшін бос жұмыс орны жәрмеңкелерін өткіземіз. Сонымен қатар 2023 жылы кадр мәселесі бойынша талдау жүргізілді. Қазір департмаент жанындағы жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінде 38 студент оқып жатыр. Сондай-ақ «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында бітірген азаматтарды бір жыл ішінде конкурстан тыс, ауылды жерлерге «Б» корпусының төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осы орайда бізде 8 студент конкурстан тыс жұмысқа алынды. Олар аудандарда, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына тағайындалды»,- деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысы Дулат Тайшабай.

Қазіргі кезде ТҮКШ, денсаулық сақтау, білім беру салаларында бос орын көп екен. Аққайың, Жамбыл, М. Жұмабаев пен Ғ. Мүсірепов аудандарына да мамандар қажет.
Қазір жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің арасында 23 адам зейнет жасында. Олар заң бойынша құрметті демалысқа шыққасын бір жыл еңбек ете алады. Қызметкерлердің орташа жасы — 41 жас екен.

Тағы оқыңыз:Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалаған блогерлерге қатысты сот отырысы басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x