Солтүстік Қазақстанда 1 046 119 ауыл шаруашылығы жануары бар. Ең көп мал Тайынша ауданында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста 297 мыңнан астам ірі қара, 459 мыңға жуық ұсақ мал бар. 135 мың бас шошқа мен тоғыз бас түйе тіркелген. Өңір бойынша ең көп мал саны Тайынша ауданында. Аталған аймақта 218 мың 319 бас мал бар екен.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, солтүстікқазақстандықтар көбінесе ұсақ мал өсіреді екен. Төрт түлікті көбейтумен қатар, оның сау болуы тағы бар. Сондықтан үй жануары ауруының алдын алу шараларын естен шығармау қажет. Ағымдағы жылы жауапты басқарма осы бағытта ауқымды жұмыс атқарған.

«Биыл ветеринарларымыз 665 мың басқа сібір жарасына қарсы, 146 мыңына қарасанға қарсы, 19 мыңына пастереллёздің, жылқы ринопневмониясына қарсы 46 мыңнан малға вакцина берілді. Құтырма ауруының, вирустық диареяның мен құс тұмауының және жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған да екпелер егілді»,- делінген облыстық ветеринария басқармасының редакцияға жіберген хатында.

Ағымдағы жылы облыста ірі қара мал бруцеллезінің екі фактісі тіркелген. Жағымсыз жайттар Айыртау және Есіл аудандарында орын алды.

«Көктемгі ветеринариялық іс-шараларды өткізу үшін 1 млрд 64 млн теңге жұмсалды. Оның 912 млн жергілікті бюджеттен бөлінді. Қаржының барлығы толығымен игерілді», — делінген басқарма берген жауапта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 200-ге жуық қаңғыбас ит вакцинацияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *