Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары зейнеткердің өмірін сақтап қалды. Ол бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған, деп жазады Qazaqstan Media.
66 жастағы зейнеткердің тағдырына алаңдаған жақындары құтқару қызметіне хабарласқан.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы сатының көмегімен екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы көтерілді. Терезеден ішке енген кезде әйел әлсіреген күйде еденде жатқан.
Құтқарушылар дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір зардап шеккен әйел аудандық ауруханаға жатқызылды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 366 мүгедектен жеке бас салығы заңсыз ұсталған