Елімізде нағыз құрмет қошеметке лайық деп құтқарушыларды айтуға болады. Бүгін Қазақстанда азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
От, су, боранда жолда қалу, көлік қақтығы және тағы да басқа жайттар. Тізе берсең адамның өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп көп. Солардың барлығында азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдері табылады.
СҚО-да құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
«Мереке 1995 жылдан бері тойлануда. 19 қазан күні Комитет құрылды. Қазір бұл күн Құтқарушылар күні ретінде саналады. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысын жақсы білесіздер. СҚО-да жылына екі мыңнан астам адам құтқарылады», — СҚО ТЖД бастығы Жомарт Асқаров.
Олар оқиға орнында артқа бір қадам да жасамайды. Тек шыбындай жаны үшін күрескен жандарға жәрдем беру мақсатында алға ұмтылады. Мерейтойлық кешке құрметті қонақ ретінде көпті көрген сала ардагерлері арнайы шақыртылыпты.
СҚО-да құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
«Осы салада 39 жыл еңбек еттім. Мен бастағанда Совет Үкіметі болды, кейін Тәуелсіздік алдық. Қиын кездер болды. Айлық алмадық, бәріне шыдадық. Өзім мыңнан астас өртке қатысқан шығармын, бірнеше ащамды құтқардым», — деді Азаматтық қорғау органдарының ардагері Ораз Қаршалов.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты. Ол жиналған қауымды алдағы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Артынша кезек марапаттау рәсіміне келді. Түрлі дәрежедегі марапаи бүгінгі күннің батырларына кезек-кезек табысталды. Ең басты тарту — пәтер кілттері.
Мұндай марапат алған маманның — Жадырасын Іліяшев. Уәлиханов ауданының тумасы 10 жылдың көлемінде. Бүгін ол жақында ғаеа сәби сыйлағае келіншегін пәтер кілтімен қуантпақ. Жары әзірге тосынсый туралы білмейді.
СҚО-да құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Кейін ата-анаммен тұрдық, бертін келе шықтық бөлек шықтық. Пәтер жалдауымыз. Ал бүгін басты арманымыз орындалып отыр. Құтқарушыларды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман болсын!», — деді СҚО ТЖД арнайы жұмыс бөлімшесінің бастығы Жадырасын Іліяшев.