СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің атынан бірқатар өңір құрылысшыларына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олардың қатарында «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендерін алғандар да бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, ел инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше мамандар марапатталды. Олардың қатарында  «Құрмет» орденімен «Мирас Group» ЖШС директоры Мұхтар Исин, «ПМК-5» ЖШС директоры Кәрібай Шаяхин, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен  «Альфа-Север» ЖШС өндірістік жұмыс-шысы Никита Власов, «Готика» ЖШС жобалық-өндірістік бірлестігінің директоры Ольга Прудовикова бар. «Ерен еңбегі үшін» медалін «Петропавловскспецкоммунстрой» ЖШС директорының орынбасары Евгений Дзюбенко, «Зерттеу СК» ЖШС директорының орынбасары  Владимир Кизенко алды.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен «Құрметті құрылысшы» медалі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеевке табыс етілді.

Өңір басшысы марапатталғандарды жоғары наградамен құттықтап, құрылыс саласында толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.

Тағы оқыңыз:СҚО-да күзгі орақ науқанына дайындық қызу

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x