Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі қайтыс болды. Өлімге не себеп болғаны әлі анықталып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Адам өлімі 21 шілде күні тіркелген. Алайда, ресми ақпарат бүгін ғана таратылып отыр.  Оған сүйенсек, сол күні жазасын өтеп жатқандар сөзге келіп, жанжал туындаған. Кейіннен мамандар олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізген. Осы сәтте сотталғандардың бірінің тыныс алуы қиындап, тұншыға бастаған. Оған бірден медициналық көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

“СҚО полиция департаменті ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеуге кірісті. Сарапшы мәйітті тексеру кезінде дене жарақаты анықталған жоқ”, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО прокуратурасында фронт-офис құрылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x