Солтүстік Қазақстанда парамен ұсталған судьяның ісі басқа бапқа ауыстырылды. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бекбол Баймаханов алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 19 желтоқсанында Бекбол Баймаханов 15 мың доллар көлемінде пара алып, ұсталған болатын. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяның ісін ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеп жатыр. 

«2024 жылғы 21 желтоқсанда сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — деп мәлімдеді ҰҚК. 

Тағы оқыңыз: Крещение мерекесі: Петропавлда Есіл өзенінде суға түсуге тыйым салынды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *