Есіл ауданы Покровка ауылы маңындағы Соленое көлінде 150 келіге жуық балық қырылды. Қазір судың бетіне шығып қалған өлекселер жойылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Балықтардың қырылғаны туралы 18 сәуір күні әлеуметтік желілерде бейнежазба тараған болатын. Осыған қатысты облыстық экология департаменті және ветеринария қызметі су мен өлген балықтан сынама алып, зерттеуге жіберді. Сараптама қорытындысы жақында ғана белгілі болды.

«Нәтижесінде, қыста көлдегі су деңгейі төмен болып, мұз құрсауының қалыңдауы себебінен балықтарға оттегі жетіспегені анықталды. Енді инспекция  жауапты пайдаланушыға қатысты талап қою туралы мәселені қайта қарайтын болады. Ал қазір көл бетіндегі балық өлекселері жойылып жатыр», — дедіЕсіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы Ильдар Кәкімов.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім еткендей, Соленое көлін «Чекунов» жеке кәсіпкерлігі жалға алған. Су айдыны 58 га аумақты алып жатыр. Оның орташа тереңдігі 1-2 метрден аспайды.

Тағы оқыңыз:Жамбыл ауданынан келген мехбригада су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қайта қалпына келтіріп жатыр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x