Солтүстік Қазақстанда он жыл бойы тұралап тұрған «Сокол» сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайын. Биыл нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанның жауһары атанған Имантау-Шалқар курорттық аймағында орналасқан «Сокол» сауықтыру лагері қазақстандық ата-аналарға бұрыннан таныс. Себебі, бір кездері мұнда өзінің жазғы демалысын өткізуге еліміздің түпкір-түпкірінен бүлдіршіндер келген. Алайда соңғы 10 жыл ішінде нысанға ешкім келмеген. Лагерьдің ғимараттары қаңырап бос тұрған. Ал бір жылдары тіпті пысықайлар мұнда туристерді кіргізіп, пайда тапқан. Бірақ биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан маусымның 12-сі балалардың алғашқы легін қабылдайды.  

«Мұнда спорттық алаң салынып, асхананың корпусы жөнделді. Екі тұрғын үй корпусы жаңартылды. Олар балаларды жыл он екі ай қабылдауға дайын», — деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Сондай-ақ нысанда жаңа қазандықтар орнатылған. Бұл қонақтарды қысы-жазы қабылдауға мүмкіндік береді.

СҚО-дағы «Сокол» лагері балаларды қабылдауға дайын СҚО-дағы «Сокол» лагері балаларды қабылдауға дайын

Лагерьде жасалған жұмыс барысымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов танысты. Оның айтуынша, өңіріміз үшін балалар туризмін дамытудың маңызы зор. Және бұл мәселе облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың жеке бақылауында.

СҚО-дағы «Сокол» лагері балаларды қабылдауға дайын

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *