СҚО-дағы ең алыс ауданда жаңа емхана ашылады

Солтүстік Қазақстанның ең шалғай ауданы, Уәлиханов ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталып жатыр. Жуырда ол қолданысқа берілмек, деп жазады Qazaqstan Media.

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлдегі ескі емхана осыдан жарты ғасыр бұрын салынған екен. Сондықтан жаңа медициналық ұйымның құрылысын бастауға шешім қабылданыпты. Нысан құрылысының аяқталуын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді.

СҚО-дағы ең алыс ауданда жаңа емхана ашылады

«Жаңа нысанды шалғайдағы аудан тұрғындары көптен күтті. Осы күнге дейін емхана жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта орналасты. Жаңа емханада тіркелген 11 мың адам үшін қолайлы жағдай жасалған. Заманауи қондырғылар – цифрлы рентген, маммограф, УЗИ және басқа аппараттар орнатылды», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ауданға сапар кезінде өңір басшысы әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындарды, ұн тарту комбинатын аралап, жергілікті шаруалармен кездесу өткізді. Салынып жатқан жабық бассейнінің құрылысын да тексерді.

Ғауез Нұрмұхамбетов «Еңбек» бағдарламасы бойынша облысымызға қоныс аударған Рауан Шалқаровтың отбасында болды. Оларға Кішкенекөлден үй сатып алынды. Ал тағы бір ауыл тұрғыны, кәсіпкер Зәуреш Сәниева мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасын пайдаланып, аудан орталығында отбасылық дәмхана ашты.

Аудан тұрғындарымен кездесуде жыл қорытындысы талқыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар белгіленді.

Сондай-ақ өңір әкімі шалғайдағы Қулыкөл ауылында болып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысып, ауыл маңындағы қорғанның дайындығын тексерді. Ауылдықтармен өткен кездесуде сауалдар мен ұсыныстар айтылды,  барлық мәселелер бақылауға алынды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл балаларға қатысты 92 қылмыс тіркелген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *