СҚО-дағы бидайдың 76,6 пайызы жақсы деңгейде

СҚО-ның Аққайың ауданы Шағалалы ауылында алдағы егін жинау науқанына орай «Дала күні – 2024» іс-шарасы өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, аудан әкімдері және басқа да ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге шығарып, жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру керек деген нақты міндеттер қойды. Осы бағытта агроөнеркәсіп кешенінің әрбір бағытын қамтитын «Жол картасы» әзірленді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің сөзінше, Солтүстік Қазақстан облысында бұл тапсырма жоғары деңгейде орындалып жатыр.

СҚО-дағы бидайдың 76,6 пайызы жақсы деңгейде

«Биыл топырақ құнарлығын арттыру мақсатында 3 млн гектар аумаққа 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Жалпы, облыстың егіс алқабы – 4,5 млн гектар жерді құрайды. Оның ішінде 3,4 га аумағына дәнді дақылдар, 751 мың гектар жерге майлы дақылдар, 379 гектарға —  мал азығы егілді, 26 мың гектарға картоп және 5 мың гектар жерге көкөністер егілді», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын субсидиялауға 60 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бүгінде егін жинау науқанына арналған 7,5 мың-ға жуық комбайн бар. Оның 4 мыңға жуығы жоғары өнімді комбайн. Жалпы, техникалардың науқанға дайындығы 100 пайызды құрайды. Айта кетейік, 2024 жылға аграрийлерге 59 мың тонна арзан бағадағы жанар-жағармай берілген.

СҚО-дағы бидайдың 76,6 пайызы жақсы деңгейде

«Біздің шаруалар су үнемдеуге арналған технологияларды көптеп қолдануды қолға алып отыр. Осы мақсатта биыл жалпы құны 13,6 млрд теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарда бар.  Бұл дәнді дақыл мен мал азығының аумағын 9,4 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді аймақ басшысы

Қазіргі таңда ғалымдардың зерттеуі бойынша өңірдегі бидайдың 76,6 пайызы – жақсы деңгейде. Ал қалған 23,4 пайызы – қанағаттанарлық жағдайда. Жалпы, диқандар биыл шамамен әр гектардан 15 центнерден өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Облыс бойынша астық қабылдайтын барлығы 46 элеватор бар. Олардың сыйымдылығы – 3,2 млн тоннаны құрайды.

СҚО-дағы бидайдың 76,6 пайызы жақсы деңгейде

«Бүгінге таңда үкімет тарапынан көптеген шаралар қабылданды. Арзандатылған лизинг 100 млрд теңге бөлінді. Сосын егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген 5 пайыздық кредиттер және диқандарға 580 млрд теңге бөлінді. Осыған байланысты, біз жақсы өнім күтеміз», — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министр Азат Сұлтанова.

Егіс күнінде заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Ал іс-шара соңында егін жинау науқанына арналған ауыл шаруашылығы кеңесі өтті. Пленарлық отырыс барысында ғалымдар мен мамандар егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде өткізуге арналған ұсыныстарын айтып, бірқатар мәселелерді талқылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық «синтетика» тәркіленген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x