Солтүстік Қазақстанда түзету мекемелерінде де мектептер жаңа оқу жылын бастады. Биыл №48 мекемесінде 40 сотталған үшін алғашқы қоңырау соғылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Білім күніне арналған іс шара  түзету мекемесінде де ұйымдастырылды Алғашқы қоңырау тек оқушылар үшін ғана емес, сонымен қатар сотталғандар үшін де соғылды. Мұндағы 40 жазасын өтеуші мекемедегі жалпы білім беретін мектепке барады.

Сонымен қатар, 70 адам «Солтүстік Қазақстан кәсіби даярлау және сервис колледжінде» үш мамандық бойынша оқып жатыр:

-аяқ киім өндірісі;

-тігін өндірісі және киімді үлгілеу;

-ара шаруашылығы және жібек құртын өсіру.

Бұдан бөлек, 90 сотталған «Петропавл кәсіби колледжінде» төрт мамандық бойынша кәсіби білім алуда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 26 қазан күні бес жаңа депутат сайланады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *