СҚО-дағы 20 білім ордасы «Нысаналы мектептер» жобасына енді

«Нысаналы мектептер» жобасына қатысатын білім беру мекемелерінің тізімі әр өңірде анықталды. СҚО-дан тізімге 20 мектеп енді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Нысаналы мектептер» жобасының негізгі мақсаты –  артта қалған немесе кемшіліктері көп мектептерді дамыту және қайта жандандыру. Өңірімізден іріктеліп алынған білім нысандарының 7-еуі қалалық болса, қалғандары Есіл, Шал ақын және Қызылжар аудандарына тиесілі. Қазір таңдалынып алынған мектептердің педагогтеріне арнап біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр.

«Жобаға облыстың толық жинақталған мектептерінен 20 білім беру ұйымы кірді. Ол үшін 10 әдіскер арнайы оқытудан өтті. Біз 3 жылдың ішінде берілген мектептердегі білім сапасын жақсартып, көтеруіміз керек. Әдістемелік орталықтың жанынан жобалық кеңсе ашылды. Арнайы жоспар құрылды», — деді СҚО білім басқармасы әдістемелік орталығының  директоры Роза Сәркен.

Нысаналы мектептерде жұмыс істейтін әдіскерлердің ішінде Корнеевка гимназиясының ұстазы Ақжарқын Жақыпова бар. Маманға Аққайың ауданындағы мектеп тапсырылған. Жалпы, жобаны іске асыру аясында нысаналы мектептердің үлесін 2028 жылға дейін 32% -дан 15%-ға дейін төмендету міндеті тұр.

СҚО-дағы 20 білім ордасы «Нысаналы мектептер» жобасына енді

«Біз өз тарапымыздан нысаналы мектептерге әдістемелік көмектерімізді ұсынамыз. Жан-жақты функционалдық сауаттылық, ҰБТ және тағы басқалары бойынша түрлі көмек көрсетеміз. Ауылды меткептерде жасанды интеллектпен жұмыс істеу және ақпараттық технологиялар жағынан жұмыс жүргізіледі», — деді Ақжарқын Жақыпова.

Сонымен қатар бүгін өңірде ұстаздардың тамыз конференциясыда басталды. Іс-шара екі күнге жоспарланған. Биыл кеңес «Білім берудегі цифрлық жаңашылдықтар» тақырыбында өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз:Ғ. Мүсірепов ауданында 10 ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x