СҚО-да қазіргі уақытта 11041 заңды тұлға тіркелген. Олардың 7077-сі Петропавл қаласында орналасқан.  Жыл басталғалы бері олардан 78 млрд теңгеге жуық салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2024 жылдың алты айында өңірдегі 10 ірі кәсіпорыннан 12 866 701,4 мың. теңге көлемінде салық және басқа да мемлекеттік бюджетке  төленетін міндетті төлемдер түскен. Былтыр аталмыш серіктестіктерден түскен қаражат 20 125 149,1 мың. теңгені құраған.

«Ал Петропавл қаласында орналасқан 10 ірі кәсіпорыннан өткен алты айда 11 643 979,3 мың теңге қаржы келіп түсті. Былтыр бұл кәсіпкерлер 18 623 486,6 мың салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеген еді», – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы Қымбат Мұқышева.

Тағы оқыңыз:Үкімет тасқыннан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x